Текст
6,7 сынып оқушылары Республика күніне арналған "Менің Қазақстаным - менің болашағым" викториналық ойынына қатысты. Ойын барысында 6 және 7 сынып оқушылары Отанымыздың маңызды тарихи сәттерін қайталап, Мемлекеттік рәміздер, мақал-мәтелдер, Қазақстан Республикасында тұратын халықтардың салт-дәстүрлері туралы білімдерінде эрудиция көрсетті.