Текст
16 қыркүйекте "Дорогинка ауылының негізгі орта мектебі" КММ-де мектеп Президентін сайлау өтті. Сайлауалды бағдарламасын 8-9 сыныптардан бастап 4 үміткер ұсынды. Оңдасынов Айдын, Ашуркова Алина-9 сынып оқушылары, Алпыспаев Айбол және Бекпаев Данат-8 сынып оқушылары. Дауыс беру қорытындысы: 10% - Бекпаев Данат, Оңдасынов Айдын - 13%, Ашуркова Алина-26%. Мектеп президенті болып Алпыспаев Айбол сайланды-51%. Мектептің жаңа Президентіне табыс тілейміз!