«Ақмола облысы білім басқармасының Сандықтау ауданы бойынша білім бөлімі Дорогинка ауылының негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі    
Коммунальное государственное учреждение «Основная средняя школа села Дорогинка отдела образования по Сандыктаускому району управления образования Акмолинской области»

Біз соц.желілерде

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылуы

19.02.2026

2026 жылғы 13 ақпанда КММ «Дорогинка ауылының негізгі орта мектебінде» Қазақстан тарихы пәні бойынша Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылуына (1989 жылғы 15 ақпан) арналған сыныптан тыс іс-шара өткізілді. Іс-шараға жауапты – тарих пәнінің мұғалімі Егинбаев М.А.
Іс-шараның мақсаты – білім алушылардың тарихи жадын қалыптастыру, азаматтық-патриоттық сананы дамыту және интернационалист-жауынгерлердің ерлігіне құрметпен қарауға тәрбиелеу.
Іс-шара барысында оқушылар Ауған соғысының негізгі кезеңдерімен және 1989 жылғы 15 ақпан күнінің тарихи маңызымен танысты. Іс-шара аясында тақырыптық бейнероликтер көрсетіліп, презентация ұсынылды, бұл оқушылардың танымдық қызығушылығын арттырды. Іс-шара тақырыптық әңгіме және пікір алмасу форматында өтті. Оқушылар белсенділік танытты.

  • WhatsApp Image 2026-02-19 at 12.47.35.jpeg
  • WhatsApp Image 2026-02-19 at 12.47.43.jpeg
  • WhatsApp Image 2026-02-19 at 12.47.55.jpeg


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст