Текст
18.02.2026
2026 жылғы 16 ақпанда
«Мектепте тыйым салынған заттар» тақырыбында ата-аналар жиналысы өткізілді.
Жиналыс барысында ата-аналарға мектепке әкелуге тыйым салынған заттар туралы ақпарат беріліп, аталған шектеулердің енгізілу себептері түсіндірілді. Сонымен қатар, білім алушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және олардың денсаулығын сақтау мақсатында мектеп ережелерін сақтаудың маңыздылығы атап өтілді. Ата-аналардың мектеппен бірлесіп жұмыс істеу және оқушы сөмкесінің мазмұнын бақылауда ұстау рөлі ерекше көрсетілді.