«Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне - 25 жыл»
Мен –қазақпын, биікпін, байтақ елмін,
Қайта тудым, өмірге қайта келдім.
Мен мың да бір тірілдім мәңгі өлмеске
Айта бергім келеді, айта бергім.
Мен – қазақпын. Менің туып-өскен жерім,Отаным, атамекенім – Қазақстан. Талай-талай қас батырлар жанын қиып, қорғап қалған, талай арулар махаббат құрбаны болған, талай өзегі өртенген өкінішті жандар мен қуаныштан жүрегі жарыла шаттанған пенделердің куәгері болған қасиетті Отаным – Қазақстан!
Қазақстан – тәуелсіз ел. Сол тәуелсіздік жолында қазақ халқы не көрмеді десеңізші?! Еліміздің басынан азап та, аштық та, сұм соғыс та өтті.
Тәуелсіздік – ұлттық тілдің, дәстүрдің, салт-сананың мызғымас тірегі, күші, алтын діңгегі, халықтың бақ жұлдызы.
Тәуелсіздік – арман! Жер бетінде қанша ұлт болса, сонша арман бар. Сол арманға біздің қазақ халқы жетті.
1991 жыл – еліміздің Қазақстан деген етпен бүкіл әлемге алғаш қадам басқан жылы. Сол сәттен міне 25 жыл да өте
шықты. Қазіргі Қазақстан әлем сахнасында мақтанарлықтай беделге ие. Жас мемлекетіміз осындай аз ғана уақыттың ішінде көптеген ірі экономикалық, саяси және әлеуметтік жетістіктерге қол жеткізді. Қазіргі таңда Қазақстан жас мемлекет бола тұра, көптеген елдерден әлдеқайда алда. Еліміздің аяғынан нық тұруы, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және экономикамыздың жедел қарқынмен дамуы – қазіргі таңда негізгі стратегиялық бағыттар болып табылады. Бүгінгі Қазақстан – тек өзі орнласқан аймақта ғана емес, бүкіләлемдік проблемеларды талқылауда және шешуде ықпалды рөл атқаратын ел. Қазақстан үшін, қазақ халқы үшін тәуелсіздік аспаннан түскен сый емес еді. Халқымыз бостандықты аңсап, Тәуелсіздікке зарығып жетті. Тәуелсіздік деген ұлы жеңіске қол жеткізуде әлі де жаңғырып тұрған кешегі Желтоқсанның да септігі аз болған жоқ.
Қазіргі таңда Тәуелсіздік – барлығымыз үшін ерекше қасиетті күн. Бірліктің, ынтымақтастық пен татулықтың күні.
Мемлекетіміздің тәуелсіздігі – ең алдымен халқымыздың бақыты. Алғашқы жылдарда басым мақсаттардың қатарында егемендіккті нығайту, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, экономикадағы қиыншылықтарға жауап беру болған еді. Сондықтан бүгінгі күні халқымыз өткеннен қалған тарихи өнегені, отансүйгіштікті, ұлтына
деген маббатты жоғалтпай, әрі қарай жастардың патриоттық сезіміне енгізуге ерекше көңіл бөлуі керек деп ойлаймын.
Тәуелсіздігімізді жариялағаннан бергі мезгіл ішінде көптеген елеулі табыстарға қол жеткіздік. Зор мақтанышпен айта алатын еліміздің бас қаласы Астана да күннен күнге гүлденуде. Оған куә алып Бәйтерегіміз, Тәуелсіздік сарайы, салынып жатқан көрме ЭКСПО- 2017. Еліміздің тынышытығы мен қауіпсіздігі, көп ұлтты Қазақстан халқының жарастығы мен ынтымақтастығы Президентіміздің жүргізіп отырған парасатты көреген саясатының нәтижесі. Тәуелсіздік қазақстандықтар үшін ізденіс пен ұмтылыс, сенім мен жарасым әкелді.
Иә, сан ғасырлық қайғы- қасіретке толы тарихында, қазақ халқы тағдырдың талай тәлкегіне түсіп, көптеген оқиғаны басынан өткерді. Сол тар жол, тайғақ кешуде арып ашса
да, қажып қансыраса да ешқашан өзінің қадір- қасиетін жоғалтпай, ар- намысын, абыройын төкпей бүгінгі Тәуелсіздікке қол жеткізді. Мен Тәуелсіз Қазақстанның еркін азаматымын ! Өз Отанымда оқып білім алудамын, көп нәрселерге үйренудемін, тәрбиеленудемін. Енді өмірден өз орынымды табуым үшін жоғары оқу орнына түсіп, оны абыроймен аяқтап, еңбекке араласуым керек. Отаным маған барлық жағдайды жасап отыр. Маған Отаным не береді деп емес, мен Отаныма не беремін деп еңбек етуім керектігіне көзім кәміл жетеді.
Шетсіз, шексіз,қиырсыз ұлы дала,
Шуақ болып шашылмай жылына ма ?
Сүй Отанды!
Шыныңмен сүйіп өт те, Гүл боп қадал ойына, қырына да,- деп , ақиық ақын Мұқағали Мақатаев жырға қосқан елді, әлем таныған және мойындаған Тәуелсіз Отанымды - Қазақстанымды сүйемін және мақтан тұтамын. Мен қазақ болып туғаныма қуанамын ! Тәуелсіз егемен Елім – 25 жылдық мерейтойың құтты болсын! Тәуелсіздігіміз мәңгілік жасасын!
Дорогинка негізгі мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Рахымжанова Айша Айкыновна